Қазақстандағы ең үздік IT-стартаптарға 10 мың доллар берілмек

Қазақстандағы ең үздік IT-стартаптарға 10 мың доллар берілмек anews.com

28-29 қазанда өтетін Digital Bridge-2021 халықаралық форум аясында дәстүр бойынша елдің үздік технологиялық стартаптары анықталады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Осы жылы Astana Hub Battle жарысының жүлделік қоры І орын үшін $10 мың, ІІ орынға $5 мың және ІІІ орынға $3 мың құрайды. Стартаптарға қатысу үшін қойылатын басты шарттар:


MVP немесе MVO сатысындағы экспортқа шығуға әлеуеті бар жоба, командада кем дегенде 2 негізгі адамның болуы және жобаның нарықтағы тәжірибесі 2 жылдан аспауы тиіс. Astana Hub Battle-2021 барысы қандай?


- Сайтта сұраным берген 100 бәсекеге қабілетті жоба жартылай финалға өтіп, 28 қазанда 1 минуттық презентациямен Digital Bridge алаңында мамандардың алдында сөз сөйлейді.


- Қазылар алқасының шешімімен 29 қазанда 10 үздік жоба digitalbridge.kz бас сахнасында өз жобасы туралы 3 минуттық презентациясын өткізеді.


- Іріктеудің екі кезеңінің нәтижелерімен баттл жүлдегерлері анықталады. Astana Hub технопаркінің бас директоры Мағжан Мадиевтің айтуынша, іс-шара біріншіден, Қазақстандағы стартап-экожүйесінің жаңа таланттарын айқындауға және жобалар дамудың жаңа деңгейіне көтерілуіне қолдау көрсету үшін ұйымдастырылды.



«Жылдан жылға стартаптар арасында бәсеке ұйымдастыру арқылы біз бірнеше мақсаттарды көздейміз: экожүйенің жаңа қатысушыларын табу, отандық стартап-мәдениетін дәріптеу және елдегі технологиялық кәсіпкерлікті дамыту», - дейді Мағжан Мадиев.



Өткен жылдардың байқауларының жеңімпаздары болып KidSecurity, Abscrypt, Antidolg, Smart Gas, WebTotem мен Kompra атанды, олар бүгінгі күні қазақстандық IT-нарығында сәтті дамып, өз өнімдерін шетелге экспорттауда.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37