Қанат Ислам келесі жекпе-жегінің мерзімін айтты

Қанат Ислам келесі жекпе-жегінің мерзімін айтты Сурет: Rus.azattyq-ruhy.kz

Қанаттың кездесуі жуырда болуы ықтимал


Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап


BoxRec мәліметінше, Ислам рингке 21 қаңтарда оралуды жоспарлап отыр. Қарсыластың аты-жөні жарияланған жоқ.


Жекпе-жек Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтеді және он раундқа есептеледі.


Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы соңғы рет рингке биылғы ақпан айында шыққан болатын. Ислам эквадорлық Джейсон Миндуді (14-4-1, 8 КО) жетінші раундта нокаутқа түсірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет