Қалалық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы тағайындалды

Қалалық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы тағайындалды Сурет: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі

Басшылыққа жаңа тағайындалған Мұрат Ахметов - заң ғылымдарының кандидаты.


Мұрат Ахметов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жаңа басшыны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов таныстырды.


Мұрат Ахметов С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заң ғылымдарының кандидаты.


1992-2005 жылдары Павлодар облысының прокуратура органдарында әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.


2005-2007 жылдары ҚР Бас прокуратурасының департамент бастығы.


2007 жылдан 2014 жылға дейін Нұрсұлтан қаласының, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары прокуратурасында басшылық лауазымдарды атқарды.


2014-2019 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басшысы болды. Қазіргі тағайындауға дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1 департаментінің басшысы болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09