Әйгілі смартфон iPhone 13 өндірісі қысқаруы мүмкін

Әйгілі смартфон iPhone 13 өндірісі қысқаруы мүмкін
Сурет: News.softpedia.com

Микрочип тапшылығы атақты ұялы телефон өндірісіне әсер етті

Apple компаниясы өкілдерінің мәлімдеуінше, биыл бұл телефон үлгісі жоспардағыдан 10 миллион бірлікке аз жасап шығарылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Оған микрочиптердің жаһандық тапшылығы себеп. Бұл мәселе былтырдан бері жалғасып келеді.

Өйткені локдаундарға байланысты зауыттар микрочиптердің өндіріс көлемін қысқартқан.

Ол аздай шектеулерге байланысты үйден жұмыс істейтін мамандар саны көбейіп, ноутбуктерге сұраныс артты.

Бұл да микрочиптер тапшылығы мәселесін ушықтырып жіберді.