Әлем назары Спутник V вакцинасына ауды

Әлем назары Спутник V вакцинасына ауды
Сурет: Rbk.ru

Жаһан мемлекеттері Sputnic V вакцинасына қызығушылық танытуда

Дүниежүзіндегі вакцина өндіретін ірі компания жылына 300 млн дозаға дейін Спутник V  жасайтын болады. Жоспар бойынша,  қыркүйек айында Қан сарысуы институтында қолға алынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  Almaty.tv -ге сілтеме жасап. 

Ресейлік қор тікелей инвестиция туралы айтты. Олар өнімді Үндістанның өзінде ғана қабылдап қоймай, өзге мемлекеттерге экспортқа жібермек.

Қан сарысуы институты бүгінде «Ковишилд» атауымен белгілі «Оксфорд-АстраЗенеа» вакцинасын әзірлеуге де қатысқан.

Аталған әріптестік Спутникті бүкіл әлемде қолданудың керемет көрсеткіштерінің жаңа деңгейіне шығарады. Оны ірі көлемде өндіру – ковидпен бірлесіп күрестегі басты құрал, - деп отыр институт басшылары.

Үндістан осы жылғы мамыр айынан бастап «Спутник» вакцинасын көп көлемде өндіруде.

«Спутник V» әлемнің 60-тан астам елінде мақұлданған. Десек те, олардың барлығы бірдей аталған екпені бірден салдырған жоқ.

Ал, Ресей қорының басшылығы биыл күзде «Спутник V» Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелуі мүмкін деп үміттеніп отыр.

Бірақ, ДДҰ мен еуропалық реттеуіш те көрші ел препаратын мойындамауда.