Әділхан Макин «Ресей дауысы» байқауынан шығып қалды

Әділхан Макин «Ресей дауысы» байқауынан шығып қалды
Cурет: видеодан алынды

Ол Мирослава Кочева және Марина Моисеевамен бірге «Ты на свете есть» әнін орындады

Қазақстандық әнші Әділхан Макин «Ресей дауысы» шоуынан шығып қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

19 қарашада, жұмада жас әртіс «жекпе-жек» кезеңінде Мирослава Кочева және Марина Моисеевамен бірге «Ты на свете есть» әнін орындады.

Тәлімгер Александр Градский келесі кезеңге Мирославаны таңдады. Әділхан мен Марина шоудан шығып қалды.

«Баршаңызға көп рақмет. Александр Борисович сізге бас иемін. Бәріне сәттілік тілеймін»,– деді Әділхан қоштасу алдында.