Һәкім Абай өлеңін жатқа соғатын украин жігіті кім болды?

Һәкім Абай өлеңін жатқа соғатын украин жігіті кім болды?
Сурет: Еgemen.kz

Таңдандырған талайды!

Әр азамат өзі тұрып жатқан елдің тілін, дәстүрін құрметтеуі тиіс. Бұл – Абайдың қара сөздерін жатқа оқитын Дмитрий Ромащенконың пікірі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ұлты украин Дмитрий ұлы ақынның шығармаларын сүйіп оқиды. Бүгінде Қостанайда тұратын жігіт қазақ тілі мен әдебиеттен сабақ береді.

Дмитрий Ромащенко - Ресеймен іргелес Федоров ауданының тумасы. Орыстілді ортада өсіп, ержетті. Алты жыл бойы орыс мектептерінде қазақ тілі пәнінен сабақ береді.

«Өзім орыс мектебінде оқимын. Бірақ Дмитрий Сергеевичтің сабағы маған қызық және қазақ тілін жетік білемін», - деді мектеп оқушысы Алтынай Дөненбаева.

Дмитрийдің тіл үйренудегі басты әдісі – сөздерді жаттау. Жаңа сөздермен күнделікті жұмыс істейді. Украин жігітінің қазақ тілінде саналы түрде оқыған алғашқы кітабы – Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида» романы. Ал қазақ тілінің ерекшеліктерін, болмысын тануға Абайдың туындылары ықпал еткен.

«Ақынның он алтыншы қара сөзі: қазақ құлшылығым Құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер несиесін жия келгенде «тапқаным осы, біттім деп, алсаң ал, әйтпесе, саған бола жерден мал қазам ба?» дейтұғыны болушы еді ғой», - деді қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Дмитрий Ромащенко.