«Ұстазыңды құттықта» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Ұстазыңды құттықта» байқауының жеңімпаздары анықталды
Cурет: 24.kz

Байқау жеңімпаздары ҚР Білім және ғылым министрлігінің атынан естелік сыйлықтар алады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұстазыңды құттықта» акциясының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Көкшетау қаласындағы №11 мектеп-гимназиясының 1 Г сынып оқушылары және Қызылорда қаласының тұрғыны Қарлығаш Абдрахманова жеңімпаз атанды. Көкшетаулық бүлдіршіндер өздерінің сынып жетекшісі Хасенова Бақытжан Қайыркенқызын кәсіби мерекемен құттықтады.

Ал педагог Қарлығаш Әбдірахманова ұстазы Әзиза Исахаеваға жылы лебізін білдірді.
Байқау жеңімпаздары ҚР Білім және ғылым министрлігінің атынан естелік сыйлықтар алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Білім және ғылым министрлігі «Ұстазыңды құттықта» байқауын жариялаған болатын. Акцияға еліміздің түкпір-түкпірінен жүзден астам қазақстандық қатысты. Олар Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында #деньучителя #поздравьсвоегоучителя #ұстаздаркүні #ұстазыңдықұттықта хэштегімен жазбаша форматта фото және бейне құттықтаулар жариялады.

Акцияның мақсаты — мұғалімдерге қызығы мен қиындығы қатар жүретін игі еңбегі үшін алғыс айту.