Ұлы дала тарихының көрмесі ашылды

Ұлы дала тарихының көрмесі ашылды
Сурет: Dasturkb.kz

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған көрме «Ұлы дала тарихы мен мәдениеті» тақырыбымен өтіп жатыр.

Алматыда қазақтың тарихы туралы сыр шертетін фотоқұжаттар көрмеге қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы хабарлаған 24.kz  сайтының мәліметінше, көрмедегі құжаттардың барлығы әлемге танымал ғылыми орталықтардан әкелінген.

Қазақ халқына қатысты тың дүниелер осы уақытқа дейін Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Швейцария мемлекеттеріндегі мұрағаттар мен мұражайларда сақталып келді. Артефакт көшірмесін Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғалымдары жинаған. Қазақстанның мемлекеттігін айқындайтын дүниелерді Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінен тамашалауға болады.