«Қызыл аймақтағы» өңірлерде карантиндік шектеулер күшейтіледі

«Қызыл аймақтағы» өңірлерде карантиндік шектеулер күшейтіледі
Сурет: Liter.kz

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы карантин талаптарын қатайтуға себеп болып тұр.


Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында «қызыл аймақтағы» өңірлерде карантиндік шектеулерді күшейту бойынша шаралар қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrimeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
 
Аталған сайтта жарияланған шектеу шаралары төмендегідей мәтінмен берілген.

Тоқтатылсын: 
Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары; 
жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі. 

Демалыс және мереке күндері жұмысына тыйым салынсын: 
қоғамдық көліктің; 
Ashyq жобасына қатысушыларын қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің; 
Ashyq жобасына қатысатындарын қоспағанда, фитнес орталықтардың, фитнес клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің; 
Ashyq жобасына қатысатындарын қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтардың, караокелердің, көрмелердің; 
Ashyq жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу объектілерінің;
 Ashyq жобасына қатысатындарын қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары); білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының;
 Ashyq  жобасына қатысатындарын қоспағанда, фудкорттардың.  

Жұмыс күндері жұмысы шектелсін: 
сағат 20.00-ге дейін Ashyq жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің; 
сағат 18.00-ге дейін Ashyq жобасына қатысуына қарамастан, ОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің; 
Ashyq  жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандарының, фудкорттардың жұмысы – сағат 20.00-ге дейін, Ashyq жүйесіне қатыспайтындардың жұмысы – сағат 18.00-ге дейін. 

Отырыс соңында вице-премьер мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирусқа қарсы вакциналаумен қамтуды арттыруды тапсырды.