Қазақтың баласы халықаралық поп-музыка фестивалінде жеңімпаз атанды

Қазақтың баласы халықаралық поп-музыка фестивалінде жеңімпаз атанды
Сурет: Аikyn.kz

Ол былтыр Болгария елінің Добрич қаласында өткен халықаралық «Сарандев» вокалдық байқауына қатысып, 1-ші орын иеленген.

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 3 курс студенті Жұбан Ерназар 16-18 шілде аралығында Румынияның Браила қаласында өткен «Георгий Григориу (George Grigoriu) атты халықаралық поп-музыка фестивалінде 1-ші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Өнер академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өнер ордасы таратқан мәліметке сәйкес, Ерназар Мэлсұлы бүгінде түрлі сахналардың, байқаулардың биігінен көрініп келеді. Баспасөз қызметі оның бүгінге дейінгі бағындырған белестерін де жариялапты:

2017 жылы Астана қаласында EXPO көрмесі қарсаңында Қазақстанның және Италияның 1200 музыканттарынан құралған үлкен ұжыммен Густав Маллердің 8 симфониясын орындаған;


2017 жылы Орал қаласында өткен облыстық XIII Дельфий ойындарының "Эстрадалық ән" аталымы бойынша 1-ші орын иегері;


2017 жылы Самара қаласында өткен халықаралық «На крыльях музыки» байқауының 1-ші орын;


2017 жылы Петропавл қаласында өткен республикалық XIII Дельфий ойындарының "Эстрадалық ән" аталымы бойынша 3-ші орын;


2017 жылы Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың V республикалық патриоттық форумында «Мәңгілік ел – мұратым!» патриоттық әндер байқауында 2-ші орын иеленген;


2018 жылы Оренбург қаласында өткен халықаралық ХХІХ «На Николаевской 2018» байқауында «Халық әні» аталымы бойынша 1-ші орын;


2018 жылы Оренбург қаласында өткен халықаралық ХХІХ «Николаевской 2018» байқауы «Эстрада және джаз» аталымы, 2-ші орын;
2018 жылы Астана қаласында өткен «Мосты согласия» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Үздік студент» жобасы аясында шығарылған «Жас қыран» атты талантты студенттердің I кітап жинағына енген;


2019 жылы Астана қаласында өткен «Топжарған» тележобасына қатысты


2020 жылы өткен Х-фактор жобасының финалисі атанған;


2020 жылы Болгария елінің Добрич қаласында өткен халықаралық «Сарандев» вокалдық байқауына қатысып, 1-ші орын иеленген.