Қазақстандық теннисші Киев турнирінде жұптық сында жеңімпаз атанды

Қазақстандық теннисші Киев турнирінде жұптық сында жеңімпаз атанды
Сурет: Olympic.kz

Александр Недовесов биылғы маусымда жетінші титулға қол жеткізді

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Киев челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші бразилиялық Орландо Лужбен бірге финалда украиналықтар Денис Молчанов - Сергей Стаховскиймен сайысты. Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 3 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыластары 1 эйс, 1 брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді. Осылайша А.Недовесов жұптық сында өз спорттық жолындағы 22-інші, биылғы маусымдағы жетінші титулына қол жеткізді.