Қазақстанда онлайн-сауда жасаушылар көбейді

Қазақстанда онлайн-сауда жасаушылар көбейді
Сурет: Public.app

Бір жылда интернет-сатып алушылар қатары 57%-ға өскен.

Соңғы бір жылда Қазақстандағы электронды сауда көлемі  үш есе өскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz cайтына сілтеме жасап.

Көп жағдайда сатып алушылар интернет арқылы киім, аяқ киім, спорт товарларын және азық-түлік алады.

2020 жылы локдаун және оқшаулау кезінде Қазақстандағы сауда саласы айтарлықтай құлдырады. Бір жылдың ішінде сауда көрсеткіштері 4,1%-ға төмендеп кеткен. Мұндай жағдай тек Қазақстанда ғана емес, күллі әлемде байқалды. Бұл сәтте электрондық коммерция сауданың негізгі тірегіне айнылды.Өткен жылы әлемдегі электрондық сауданың көлемі бір жыл ішінде 27,6% өсіп, 4,3 трлн АҚШ долларына жетті. Сонымен қатар, Қазақстанда онлайн-сатып алу көлемі бірден 57% өсіп, 1,1 трлн теңгені құрады, ал электронды сауданың үлесі 3 есеге жуық артты және бөлшек саудада 9,7% құрады.

Осылайша, COVID-19 пандемиясы электронды сауданың дамуына айтарлықтай септігін тигізгені анық. Өз денсаулығы үшін алаңдайтын және қоғамдық орындарда көп болғысы келмейтін тұтынушылар электронды сауда алаңдарын белсене қолдана бастады.

2020 жылы Интернетте тауарлар мен қызметтерді сатып алған Интернет пайдаланушылардың үлесі 17,7% дейін өсті, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш  15,6% құраған болатын. Өңірлік тұрғыдан алғанда, электрондық сауданы пайдаланушылар  Қарағанды ​​облысында көп - 36%. Алғашқы үштікке Нұр-Сұлтан (30%) және Маңғыстау облысы (27,3%) кіреді.

Онлайн-саудасына белсене қатырасатын қазақстандықтар керек заттарының 29,9%-ын ТМД елдерінен, 8,1%-ын  ЕАЭО елдерінен алады. Бұл көрсеткіш шетелдік сатушылардың тауарлары мен қызметтері Қазақстанда жоғары сұранысқа ие екенін байқатады.

Интернет арқылы сауда жасаушылар көп жағдайда киім, аяқ киім, спорт товарларын алып жатады, бұл сауданың 62,8% үлесін құрайды. Одан кейін азық-түлік (44,9%), тұрмыстық заттар (25,5%), дәрі-дәрмектер (23,6%), сондай-ақ телекоммуникация қызметтері (19,6%).