Қазақстан мен Түркия аэроғарыш саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Түркия аэроғарыш саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Сурет: Gov.kz

Министрліктің хабарлауынша, тараптар бірлескен өндіріс құру мен технологиялар трансфертін құру мүмкіндіктерін талқылады.

Сондай-ақ екі ел Қазақстан мен TAI компаниясы арасындағы ынтымақтастық перспективалары, соның ішінде компанияның машина жасау, өнеркәсіп және аэроғарыш саласындағы жобаларға қатысуы жайы сөз болды.

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Turkish Aerospace Industries (TAI) аэроғарыш және қорғаныс-өнеркәсіп компаниясының бас директоры Темел Котилмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Темел Котиль бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастыққа қызығушылығын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша жемісті ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

TAI  өзіндік интеграцияланған жүйелерді жобалаумен, әзірлеумен және өндірумен айналысатын жетекші түрік аэроғарыштық компаниясы болып табылады.

Компания бірегей жабдықтың ірі халықаралық өндірушілер үшін өндірістік алаң болып табылады және 5 негізгі бизнес-сегменттерде жұмыс істейді: ұшақтар, тікұшақтар, пилотсыз ұшу аппараттары, ғарыш жүйелері, аэроқұрылымдар.