Қазақстан командасы Азия чемпионатында кезекті медальды олжалады

Қазақстан командасы Азия чемпионатында кезекті медальды олжалады
Сурет: Turkystan.kz

Нысана көздеуден Ольга Аксенова ел қоржынына қола жүлде салды

Нысана көздеуден Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы кезекті жүлдені еншіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Пневматикалық тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден сынға түскен Ольга Аксенова қола жүлдегер атанды. Ол 215.3 ұпай жинаған.

Алтын және күміс медальды Таиланд елінің спортшылары Чампалат пен Прухсакорн өзара бөлісті. 

Осы жаттығу бойынша Ирина Локтионова төртінші, Диана Харченко бесінші орынды иеленген.