Қазақстан бидай экспорты мен ұн өндірушілердің ондығында

Қазақстан бидай экспорты мен ұн өндірушілердің ондығында
Сурет: Kt.kz

Жағымсыз сценарий іске асқан жағдайда, 2030 жылға қарай қара бидай шығымы 40%-ға дейін төмендеуі мүмкін

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференциясында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы климаттың өзгерісі елдегі бидай шаруашылығына қалай әсер ететінін айтты. 

«Орталық Азия өңіріндегі климаттың жылыну жеделдігі алаңдатады әрі шұғыл әрекеттерді қажет етеді. Бұл, әсіресе, су мен азық-түлік қамсыздығын, қауіпсіздігін сақтау бөлігінде өте маңызды.

Қазақстан жылына 7 млн тоннаға дейін бидай экспорттап, азық-түлік бидайы мен ұн өндірушілердің ірі ондығына кіріп отыр. Алайда жағымсыз сценарий іске асқан жағдайда, 2030 жылға қарай бидайдың шығымы 40 пайызға дейін төмендеуі мүмкін», - деді Мемлекет басшысы.