Қазақстан қалаларының сейсмокартасы жаңартылмақ

Қазақстан қалаларының сейсмокартасы жаңартылмақ
Сурет: Some.kz

Еліміздің әр аумағындағы сейсмикалық белдеу әртүрлі.

Қазақстандағы ірі қалалардың сейсмикалық картасы жаңартылатын болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы хабарлаған 24.kz сайтының ақпаратына сәйкес, мұндай карталар соңғы 20 жылда мүлде жаңартылмаған. Сондықтан саланы зерттеп жүрген ғалымдар бірнеше жылға арналған істі қолға алды.

Ғылыми жоба негізінде 6 баллға дейін болатын жерасты дүмпулерін механикалық жолмен есептеу арқылы болжам жасалады. Жер сілкінсі болатын аумақтарды анықтайды. Өскеменнің өзіне 10 және қала сыртына 10 құрылғы қойылды. Олар 30-40 метр тереңдікте болатын түрлі толқыннан хабар береді. Жер бедеріне тигізетін әсері арнайы зертханада есептеледі. Ғылыми жұмыстың нәтижесі құрылыс салуда негізге алынады.