Қарулы Күштер пайдаланылатын дәрі-дәрмектің тізімі өзгертілді

Қарулы Күштер пайдаланылатын дәрі-дәрмектің тізімі өзгертілді
Сурет: Тayga.info

Тізімнің өзгеруіне себеп – ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарулы Күштерде пайдаланылатын дәрілік заттар тізбесінен қазақстандық ұлттық дәрілік формулярында көрсетілгендер алынып тасталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қорғаныс министрлігі «Медициналық көмек көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде пайдаланылатын Қазақстан Республикасында тіркелген және әскери-медициналық мекемелердің (ұйымдардың) дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 9 қарашадағы №612 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын әзірледі. 

Өзгерістер мен толықтырулар «Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ – 41 бұйрығына сәйкес енгізіледі. 

Клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген дәрілік заттардың, сондай-ақ сирек кездесетін дәрілік препараттардың жаңартылған тізбесі медициналық ұйымдардың дәрілік формулярларын әзірлеу және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алу тізімдерін қалыптастыру үшін міндетті негіз болып табылады. 

Жаңа редакцияда құжатқа «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі 195-бабының 3) тармақшасына сәйкес әскери қызметшілерге медициналық көмектің қосымша көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізімі енгізілді. 

Құжаттың толық мәтінімен осы жерден танысуға болады.