Қалыңдыққа қара мысық сыйлайды

Қалыңдыққа қара мысық сыйлайды
football24.ua

Ежелгі адамдар қара мысықты мыстан әйел бейнесін жамылған жануар деп сенген. Тіпті, бақсылар өздерінің ритуалдарында дәл осы мысықтардың миын пайдаланған деген деректер де бар. Алдыңды қара мысық кесіп өтсе, сол күні жолың болмайды деген ұғым да ертеден қалыптасқан сыңайлы.

Ал бүгінде қара мысыққа құрметпен қарайтындар да аз емес екен. Мәселен, кейбір елдерде спектакль басталар кезде көрермен залында кенеттен қара мысық пайда болса, онда сол күнгі қойылым өте сәтті, табысты өтеді деген ұғым бар екен. 

Англияның кей өңірлерінде үйлену тойы кезінде қалыңдыққа табыс және бақыт әкеледі деген ырыммен қара мысық сыйға ұсынылады. Ал қара мысықтың жүнінің арасынан тапқан жалғыз тал ақ қылын еш жерін мысыққа тырнатпай сәтті жұлып алған адамның байлығы асып төгіліп, ұзақ та бақытты ғұмыр сүреді-міс.

Сондықтан қара мысықтан анау айтқандай қорықпасақ та болады екен.

 Әзірлеген Нұр ЖАМАЛ.