Қарағанды облысында кокс өндіретін зауыт салынады

Қарағанды облысында кокс өндіретін зауыт салынады
Сурет: Inform.kz

Импортты алмастыру мемлекеттік бағдарламасын дамыту

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ-ның өнеркәсіп алаңында арнайы кокс өндіретін жаңа зауыттың құрылысына капсула салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қада қағу рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, ERG Директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов, «Еуразиялық Топ» ЖШС басқарма төрағасы Серік Шахажанов пен «Шұбаркөл көмір» АҚ президенті Рустам Ибрагимов қатысты.

«Шұбаркөл көмір» АҚ – Қазақстандағы ең ірі энергетикалық көмір өндірушілердің бірі. Негізгі өндіріспен қатар мұнда көмірді терең өңдеу бағдарламасы бар. Жаңа зауыттың құрылысы – ERG-дің импортты алмастыру мемлекеттік бағдарламасына қосқан үлесі. Бұл бағытты дамыту қажет екенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше мәрте айтқан болатын.