Қандай жеміс-жидектер иммунитетті көтереді?

Қандай жеміс-жидектер иммунитетті көтереді?
Сурет: Dreamstime.com

Гиппократтың өзі : «Басты дәрі - тамағың болсын» деген. Қазіргідей пандемия жағдайында, экологияның сапасы сын көтермейтін уақытта ағзаның қорғаныш қабілетін дәрі-дәрмекпен емес, азық-түлік арқылы нығайтқан жөн.

Таблеткадан гөрі табиғи өнімнің пайдасы зор екенін айтқан дәрігерлер иммундық жүйеге пайдалы тізімді ұсынады:


1. Aлма
2. Лимон
3. Киви
4. Құрма
5. Теңіз шырғаны
6. Итмұрын
7. Мүкжидек

Табиғаттың барлық сыйы денсаулыққа пайдалы. Бірақ кейбір жеміс-жидектер иммунитет үшін нағыз пайдалы суперфудтар қатарында.

1. Aлма

Британдықтардың: «күніне бір алма жеген адамға дәрігердің керегі жоқ» дегенге саятын мақалы бар. Бұл жемісте иммундық жүйенің жұмыс істеуі үшін қажетті: өсімдік «антибиотиктері» фитонцидтер, С витамині, В дәрумендері, сондай-ақ марганец, темір, мыс секілді пайдалы заттар кездеседі.

2. Лимон
Лимонның иммунитетке пайдалы екенін бәрі білетін шығар. Екі ғасыр бұрын Британ Корольдігі Әскери-теңіз күштерін жаңа лимондармен үнемі қамтамасыз етуге бұйрық берген екен. 

Бір қызығы, лимонның арқасында аскорбин қышқылының сенімді серігі және көмекшісі Р дәрумені (рутин) ашылды. Бұл екі зат бір-бірінің пайдалы қасиеттерін екі есе арттырады.

3. Киви
Кивидің отыздан астам түрі бар. Чико сортының жасыл кивиі С витаминіне  бай. Кивидің көптеген пайдалы қасиеті бар, ең бастысы - суық мезгілде бірқатар ауруларға қарсы иммунитетті күшейтетін С витамині. Айтпақшы, кивиде цитрус жемістеріне қарағанда екі есе көп аскорбин қышқылы бар. Екі түйір киви жемісі ағзаның күнделікті қажеттілігін қанағаттандырады.

Кивидің құрамында Е дәрумені бар. Токоферол ең күшті антиоксиданттардың бірі болып саналады. Бос радикалдарды тежеу арқылы жасушаның қартаюын баяулатады, шаршауды азайтады және өкпені ластанған ауадан қорғайды. Кивиді балаларға бергенде өте сақ болу керек - қышқыл жемістер жұтқыншақ пен көмейдің шырышты қабығын тітіркендіреді, сонымен қатар тілдің ісінуі де мүмкін.

4. Құрма
Құрма пальмаларында селен көп. Бұл элемент иммундық жүйені нығайтады, жүрек-тамыр жүйесі ауруларының қаупін азайтады.

Сондай-ақ құрманың құрамында тістерімізді кариестен қорғайтын фторид, сонымен қатар темір, магний, фосфор, калий, минералды тұздар, В тобындағы витаминдер, каротин және тіпті маңызды аминқышқылдары бар. Құрма ағзаны нығайтады, қуат береді.

5. Теңіз шырғаны
Теңіз шырғаны бета-каротин, А провитаминінің мөлшері бойынша барлық жеміс-жидектер арасында абсолютті чемпион болып табылады. Тіпті сәбіз де оған бәсекелесе алмайды. Бір шымшым жидек - ағзаның бета-каротинге күнделікті қажеттілігін қамтамасыз етеді. Ол иммундық жүйені, көруді қабілетін және теріні, шашты, тісті, қызыл иекті сақтау үшін таптырмас  дәрумен. Теңіз шырғаны С дәруменіне бай.

6. Итмұрын
Итмұрынның құрамындағы аскорбин қышқылы қара қарақатқа қарағанда 10 есе, апельсинге қарағанда 100 есе көп. Кептірілген итмұрында С дәрумені бір жылға дейін бұзылмаған күйінде сақталады. Ересек адамның аскорбин қышқылына күнделікті қажеттілігін толығымен қанағаттандыру үшін кептірілген жемістердің бірнеше ас қасығын тұтыну жеткілікті.