Ғалия СЫРҒАБАЕВА, мұғалім: Тезірек қалыпты өмірге оралсақ екен

Ғалия СЫРҒАБАЕВА, мұғалім: Тезірек қалыпты өмірге оралсақ екен
almaty-akshamy.kz

1,5 жылдан бері пандемия жағдайындамыз. Мектепке сирек барамыз. Балалармен қатынас онлайн түрде жүргізіледі.

Арасында кезекші сыныптар да бар. Ұстаз үшін шәкіртіне толыққанды сабақ беруден артық бақыт жоқ. Біз оқушылармен жұмыс істейміз. Кісі арасында көп жүреміз. Індеттің алдын алу керектігін жиі естиміз. Сол себепті «Спутник V» екпесін алдым. Өзімді және жақындарымды ойлап осы қадамға бардым.

Бар тілерім, тезірек қалыпты өмірге оралсақ екен. Айтарым, жақындарыңызға жанашыр болыңыздар!