Ғабит Мырзасариев, электрмен дәнекерлеуші: Мен «Спутник V» қабылдадым

Ғабит Мырзасариев, электрмен дәнекерлеуші: Мен «Спутник V» қабылдадым
almaty-akshamy.kz

– Пандемия басталғанда абдырағанымыз рас. Қайтіп, қалай ауыздықтауды таппай жатты. Әр жерден келетін ақпаратты естіп, еңсе одан әрі түскен кездер болды. Айналамыз, туыстар, достар арасында сенбегендер де болды. Жәй жалғандыққа балады. Бірақ науқастанып, хал-жағдайы нашарлағанда барып иланды. Қазір бәрі басқаша. Коронавирусқа қарсы ем-дом табылды. Оған қуана қарадық. Осыдан 1,5 ай бұрын «Спутник V» қабылдадым. Тәубе! Сау-саламат жүріп жатырмыз. Әркімнің өз еркі ғой. Дегенмен, әркім тиімдісін өзі  түсінеді демекпін.