ІІМ-де Германия тарапымен талқылау өтті

ІІМ-де Германия тарапымен талқылау өтті
Сурет: Gov.kz

Келелі кеңес

ІІМ-де Германия тарапымен Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу мәселелері талқыланды,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Еліміздің Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров Қазақстандағы Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) өкілдігінің басшысы Йорг Пуделькамен кездесті.

Жиында ІІМ-нің негізгі серіктесі болып табылатын “Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу” GIZ халықаралық жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.