ЗОР ЫҚЫЛАСПЕН ҚАБЫЛДАДЫҚ

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауын Бостандық ауданына қарасты №91 балабақша ұжымы зор ықыласпен тыңдап, талқылады.

Жолдаудың бұрынғы жолдаулардан ерекшелігі сол, тұрмыс сапасын арттыру бөлімінде мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігі­нің айқындығында. Әсіресе, ұжым қызмет­керлерін тәрбиешілердің және балабақ­шадағы басқа да қызметкер­лердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарастыру қажеттігіне баса назар аударылғандығы көңіл қуантатын жәйт болды.

Мектепке дейінгі мекемелер қызмет­керлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс «Педагог мәртебесі туралы» заңның әзірленіп, қабылдануы қоғамда педагог­тардың абыройын арттыруға ықпал ететіні зор сенім ұялатады.

Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан тәрбиешілердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше. Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құнды­лығы –  білімді адам. Тек өз Отаны­мыздағы білім үрдісімен шектеліп қалмай,әлемдік білім кеңістігіне шығу жолындағы қадамдардың өзі бәсеке­лестіктің бағын ашатынын айқындай келе – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуды басты мақсатымыз деп білеміз.

 

Айнұр ҚАРАҚҰЛОВА,

№91 балабақша меңгерушісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *