Зiм-ғайым жоғалғандарды iздестiру кешiктiрiлген

Жетiсу ауданының прокуратурасы  жедел iздестiру қызметi туралы заңдылықтың қолдануына қатысты прокурорлық қадағалауда Жетiсу аудандық IIБ кри­миналды полиция бөлiмi  қызметкерлерiнiң   iз-түзсiз жо­ға­­лып кеткен адамдарды iздестiру шаралары бойынша iз кесудi уақтылы жүргiзуiне ерекше  мән беруде. Елi­мiздiң  «Жедел iздестiру қызметi туралы»  Заңынан, сон­дай-ақ ҚР IIМ 2005 жылғы ведомстволық норматив­тiк-құқықтық актiлерi талаптарынан туындағандай, iз­дестiру мекемесi  адамның жоғалып кетуiне байланыс­ты бұл iстi жедеғабыл бекiтiлген мерзiм iшiнде атқаруы тиiс. 

Алайда, Жетiсу аудандық Iшкi iстер басқармасы криминалды полиция бөлiмiнiң қызметкерлерi жоғалып кеткен адамдарды iздестiру жөнiндегi бұл талапты бұзып, iздестiру мерзiмiн кешiктiрген. Сонымен, аудандық IIБ басшылығы мен мойнына iздеу жұмыстары жүктелген, яки жедел жұмыстар жөнiндегi жетекшi қызметкерлер  тарапынан дер кезiнде тиiстi бақылаудың болмауы салдарынан анықталған мәлiмет мүмкiн мәлiметке ұласа жаздаған. Соның нәтижесiнде, iзiм-ғайым жоғалғандар жөнiндегi iздестiру қызметiнiң тиiмдiлiгi төмендегенi өз алдына, тауы шағылған азаматтар немкеттi жұмысқа орай, мемлекеттiк органдарға  арызын қарша боратқан.

Прокурорлық араласудан соң, қылмыстық iздестiру органының   уәкiлеттi қызметкерлерi тарапынан кеткен аталған заңбұзушылықты түзеуге кiрiстi. Бұл бағыттағы жұмыс үнемi прокурорлық қадағалауда тұратын болады.

Арман ТӨЛЕУБЕКОВ,

Жетiсу ауданы прокурорының аға көмекшiсi,

1-сыныпты заңгер.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *