ӘЗІЛДЕР

– Қарындас, телефоныңызды беріңіз!
– Бұл не, бір көргеннен ғашық болу ма сонда?
– Қайдағы ғашықтық! Бұл – тонау!
***
– Күшті ерік-жігер дегеніміз не?
– Егер әйеліңіз телефон арқылы біреумен екі сағат сөйлескеннен кейін де сіз «Ол кім сонша?» деп сұрамауға шыдасаңыз, ерік-жігердің күштілігі дегеніміз сол…
***
Мадонна мен Билл Гейтс жолығып қалса керек.
–Менің дәулетімнің көптігі сонша, тіпті әлемнің өзін сатып ала аламын, – деп мақтаныпты Мадонна.
Сонда Гейтс:
–Ал мен оны сатады деп кім айтты? – депті.
***
– Мына бір кісі, жарты сағат болды, мәшиненің алдына түсіп ап қашып келеді: жынды ғой деймін өзі, – дейді рульдегі әйелі.
– Ақымақ, тротуардан шығып, үлкен жолға түссеңші! – депті сонда жанында отырған күйеуі.
***
Кішкентай маса шешесінен сұрапты:
– Апа, мен ұшсам бола ма?
– Ажалыңа асықпай, отыр тыныш!
– Қызықсыз, адамдарға менің ұшқаным қатты ұнайды.
– Оны кім айтты?
– Кеше түнде олардың бәрі маған шапалақ ұрды ғой!
***
Концерт басталайын деп жатқанда оркестрдің алдыңғы қатарында отырған бір музыкант дирижерге:
– Ағай, шалбарыңыздың алды түймеленбепті, – деп сыбырлайды.
Оркестр мүшелерінің арасындағы әйелдерден ыңғайсызданған дирижер:
– Кешіріңіздер, – деп теріс қарап, яғни зал толы көрермендерге бұрылып тұрып шалбарының түймесін салып алыпты.
***
Тасбақа құмды даламен жорғалап келе жатса, алдынан түйе шығыпты.
– Көктайғақ болып жатыр ма, немене? – деп сұрапты тасбақа түйеден.
– Жоға.
– Онда неге жолға көп құм сеуіп тастағансыңдар?
Дайындаған —
Сәкен СЫБАНБАЙ.