ӨЗІҢНЕН БАСТА

Нұржамал БАЙСАҚАЛ

Елбасы Н.Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты бағдарламалық мақа­ласын бүгінде  әрбір қазақстан­дықтардың жүрегі­не жеткізу, онда аталған тараулар бойынша әркім­нің өзінің туған еліне, үлкенге, ортамызда жүрген  ерекше адамдар мен  ерлігін жар­намалауды жөн көр­­мейтін азаматтар туралы, қаны­­мызға сіңген бүгінде тамы­рымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қа­сиеттерді қайта жаңғырту бойын­ша таным­дық, түсіндірмелік жұ­мыс­тар кеңінен қолға алынуда.  Ондағы негіз­гі міндет – өскелең ұрпаққа   біртұтас ұлт болып қа­лып­тасудың  мұрат­тарын түсіндіру. Бұл ретте Қазақстан Респуб­ликасы Ақпарат және қоғам­дық даму министр­лігінің қолдауымен азаматтық бастамаларды қолдау орталығы­ның тапсырысы негізінде «Рухани жаңғыру» тақырыбын ілгер­ілету жобасы аясында халық­аралық «Жанашыр» қорының атқарып жатқан жұмыстарын айрықша атап өтуге болады.  Қор өзінің бағдар­ламасы   бойынша  рухани жаңғыру идеяларын жастар арасында кеңінен насихаттап, жастарды осы бір ұлттық дамуы­мыздың бойтұмарына айналған   рухани қазыналарымызды жастар бойына дарыту жолында көптеген игілікті істерді қолға алып отыр.

Қор ұйымдастырған  сондай  кеш­тің бірі Д.Қонаев атындағы кол­ледж­де болып өтті. «Рухани жаң­ғыруды өзіңнен баста» деп атала­тын бұл  салиқалы бас қосуға жазу­шы-этнограф Баяхмет  Жұма­байұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Асқар Най­мантаев  қатысып, болашақ заңгер­лер мен экономика саласы­ның маман­дарына рухани жаңғыру бағдарла­масында аталған басым бағыттар туралы, еліміздегі осы бағыттарда, әсіресе, киелі жер­лер­ді қастерлеу,  туған елге тағзым, ұлттық мәдениетіміз бен өнері­мізді дамыту, салт-дәстүр­лерімізді дамыту, бәсекеге қабілетті болу  жөнінде келелі әңгіме айтып, студент-жастармен ой бөлісті. Жастар алдында сөз алған  белгілі этнограф  Баяхмет Жұмабайұлы қазақтың ою-өрнектерінің қол­өнер туындысында қолданыла­тын әрбір  детальдарда ұлтымыздың  даналық ойлары, өмірге деген ұлық көзқарастары бейнелен­гені жөнін­де әңгімелеп, осы бағытта жарық көрген өзінің  зерттеу шығар­ма­ларымен таныстырды.  Ал   көрер­мендеріне өзінің жарасымды әзілі­мен танымал актер,  Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері Асқар Найман­таев болса, қазақ өнері мен мәдениеті, театр тарихы туралы сыр-сұхбат жүргізіп, жастарға өзінің өмірден түйгендерін түйін­деп айтып берді.  Б.Жұмабайұлы мен А.Наймантаев ағалары   айтқан әңгімелер жастар­дың көңілінен шықты. Өздерімен ашық-жарқын  әңгімелескен  ағала­ры­мен. Д.Қо­наев колледжінің жас­тары да еркін әңгімелесті.  Сұрақ-жауап ретінде өрбіген бұл  жүздесу барысында  студенттер «Мен рухани жаң­ғы­руды қалай түсінемін» атты тақы­рыпта шығарма жазып, ұлты­мызға танымал  көрнекті тұлғалар жөнін­дегі өз ой-пікірлерін  ортаға салды.  Жобаның «Букдатинг» жоба­сы бойынша студенттер өздері оқыған әдеби кітаптарымен бөлісті. Жас­тардың бұл бастамасын қолдаған Б.Жұмабайұлы колледж кітапхана­сына өзінің  «Қазақтың ою-өрнек­тері»  атты зерттеу   кітабын сыйға тартса, Асқар ағалары өзі жақсы көретін сати­рик, жазушы Әзиз Несиннің шығармалар жинағын тарту етті.  Ал таланттарды таныту  жобасы  аясында  студенттер Құр­манғазы атындағы академияның 1-курс студенті, жас өнерпаз  Қабдел Қастердің өнерін там­ашалады. Өз кезегінде студент-жастар да қонақ­кәде жасап, қонақтарға өнер­лерін тарту етті. «Рухани жаңғыруды өзің­нен баста» деп  кештің атауы­ның өзі айтып тұрғандай, бұл басқосу шын мәніндегі рухани жаң­ғыру­дың бір жарқын көрінісін таныт­қан тағы­лымды басқосу болды.

Кеш қонақтары  колледж студенттері Аяулым Рахмет­толла, Болат Бопай, Абзал Есен, Әнел Қиятжан, Ақерке Төлеуханның орындауларындағы әндерді сүйсіне тыңдады. Кеш соңында «Жанашыр» халықаралық қорының  басшысы Жаңыл Әпетова  кеште үздік таныл­­ған студенттер мен осы бас­қо­суды ұйым­дастыруға ұйытқы бол­ған колледж оқытушылары Бағдагүл Қанабекова, Жұпаргүл  Ома­рова, Жанна Әкім­баева, Бақыт­гүл   Жексембиеваны қордың Ал­ғыс хатымен  марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етіп, колледж бас­шылығына қолдау көрсет­кен­дері үшін алғысын білдірді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *