Жыр алыбы Жамбылдың ұрпағымен кездестi

Жыр алыбы Жамбыл бабамыздың немересi Әлiмқұл Жамбылов Жетiсу ауданына қарасты №108 жалпы бiлiм беретiн мектепте ұйымдастырылған кез- десу кешiмiздiң құрметтi қонағы болды. Әлiмқұл ата қазақтың пейiлiндей байтақ жерiндегi ақындық өнердiң дамыған, дарыған аймағының бiрi — Жетiсу өлкесiндегi Майтөбе ауылында дүниеге келген. Ол – Қазақстанның халық ақыны, Қазақстанның еңбек сiңiрген мәдениет қызметкерi, «Құрмет белгiсi» орденiнiң иегерi, Алматы облысының құрметтi азаматы. Ол – қазақ жырының биiгi, бүкiл қазақ өлеңiнiң тұғырлы асуы Жамбыл Жабаевтың ортаншы ұлы Тоққұлының бел баласы. 18 ақынмен жыр додасына түскен айтыскер ақын. Кездесу кешiн ұйымдастыруға мектеп директоры Күлжанат Үмбетова ұйтқы болып, мектебiмiздегi қазақ тiлi және әдебиет пәнi бiрлестiгi мұғалiмдерi бiр кiсiдей атсалысты. Алды- мен Әлiмқұл ата тұрып жатқан ауылға, Жамбыл ата мұражайына барып, Әлiмқұл ата отбасында ұлы Мұратхан, келiнi Роза, шөбересi Ерсұлтанмен жүздесiп, ынтымағы жарасқан отбасы иелерiмен жақын танысудан басталды.

Мектепте өткен кездесу кешiнде, кеш жүргiзушi оқушылар Абзал мен Томирис Жамбыл ата өмiрi, шығармашылығы жөнiнде айта келiп, мектеп өнерпаздары Ерболат пен Олжас бала Жамбылдың Жетiсуға аты әйгiлi, сөзге жүйрiк, айтыс өнерiнiң алтын дiңгегi атанған Сүйiн- байдан бата алғанын, Айдана мен Iлияс Айкүмiс пен Жамбылдың, Сұлтан мен Санжар Жамбылдың Құлмамбетпен айтысқан сәтiн көрерменге ұсынып, қошеметке бөлендi.

Үнi әлемге әйгiлi болған сөз зергерiнiң әр жылдары жазған өлеңдерiн мәнерлеп оқу конкурстарының жеңiмпаздары Нұрманат, Ақжарқын, Әлия, Ақмаржан жатқа оқып, кеш ажарын одан әрi әрлендiрдi.

Кездесу кешiнiң «Жүз жасаған бәй- терек» атты I бөлiмi — «Үшқоңыр» әнiмен басталып, «Атамекен» әнiмен аяқталды. Кештiң «Адам ұрпағымен мың жасайды» атты II бөлiмiнде — мектеп оқушылары кеш иесiне сұрақтар қойды. Ақын ата жас ұрпақ үлгi алатындай тарихи-танымдық әңгiмелер айтып, қасиеттi қара домбы- рамен жыр жырлап, бата бердi.

Кешке Жетiсу аудандық оқу бөлiмiнiң әдiскерi Ш. Сәдiбекова қатысты.

Ел Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына, Жамбыл бабамыздың 165 жасқа толуына орай ұйымдастырылған кездесу кешiнiң жас ұрпақтың бойына отансүйгiштiк, елжандылық сезiмдердi сiңiруге қосар үлесi мол болды.

Ақдана МҰСАТАЕВА,

қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *