Жылы шуақ сыйлаған әз-Наурыз

Қаламыздағы өзге аудандармен иық тірестіріп, өзіне ғана тән сән-салтанатпен өсіп, өркендеп келе жатқан Алатау ауданының тұрғындары Наурыз мерекесін тойлауды жалғастыруда. Сәуірдің мың құбылған ауа райында жұртшылыққа жылы шуақ сыйлаған Наурыз мерекесі жақында «Ұлжан» ықшамауданында орналасқан №23 қалалық емхана шаңырағында аталып өтті. Бір ауысымда 500-ге жуық адамды қабылдап, халық денсаулығын жақсартуға дәнекер болып отырған емхананы білікті де білгір дәрігер Сәуле Ахатқызы Әшен басқарады. Сәуле Ахатқызы білікті дәрігер ғана емес, шебер ұйымдастырушы, жұртына жақын жан екендігін осы мерекеде тағы танытты. Мерекеге емхана қызметкерлерімен қатар, ауыл тұрғындары да қатысып, Наурыз мерекесінің шырайын аша түсті «Ұлжандағы» Наурыз мере­кесінің тізгінін ұстауға белгілі спорт шолушысы Аман­келді Сейітханның келуі, «Гүлдер» ән-би ансамблінің келіп өнер көрсетуі ұлжандықтардың көңілін көкке көтеріп тастады. Бас дәрігер өзінің құттықтау сөзінде ықшамаудан тұрғындарына ауызбірлік пен ынтымақ, Елбасы айтып жүрген зор денсаулық пен салауатты да саламатты өмір тіледі. Ақ жаулықты әжелер мен аталар баталары мен ақ тілектерін жолдап, Наурыз тойын шырай­лан­дыра түсті. «Ұлжан» ауылының тұрғындары шетінен өнерлі екендіктерін танытса, өздеріне өнерлерімен той шашуын ала келген әншілер — Дәлел Уәш, Тілеубек Қожанұлы, Жарқын Қана­фия­ұлы, А.Асар­баева, Нұргүл Әкімғожина басқа­ратын «Арнау» балалар фольклорлық ансамблінің өнерлеріне ризашылықпен қол соқты. Мереке соңында ауыл тұрғындары емхананың бас дәрігері Сәуле Әшенге денсаулықтарын ғана жақсартып қоймай, көктемгі көтеріңкі көңіл-күй, жылы шуақ сыйлағаны үшін де алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді. Тұрғындар айтса, айтқандай-ақ, қазіргі таңда «Ұлжан» ықшамауданының тұрғын­дары бұрынғыдай УЗИ, рентген зертхана іздеп сабыл­майды. Аурудың алдын алуға қажетті жағ­дайлардың барлығы емханада жеткілікті. Бүгінде емхана дәрігерлері скринингтік тексерулердің бағ­дар­ламасы мен жас ерекшеліктері бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде. Бас дәрігердің емхана дәрігерлерінің алдына қойып отырған басты мақсаты тұрғындарға ауырып ем іздегеннен гөрі, ауырмайтын жол іздеуге дағдыландыру болып отыр. Атқарылып жатқан игілікті істердің ол жетістікке де жеткізетіні айқын.

Жадыра ҚҰРМАНҒАЛИЕВА.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *