ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

4Әсел ДАҒЖАН

Қалада алдағы жылыту маусымына дайындық қызу жүруде. 1 маусымда басталған мерзімі жеткен желілерді ауыстыру жұмысы әлі де жалғасуда. Жоспарға сәйкес, ол қазан айында аяқталуы тиіс.

Жылыту маусымына қатысы бар бүкіл құрылым басшылары бейсенбі күні әкімдікте жиналған болатын. Энергетика және коммуналдық шар­уашылық басқармасы берген есеп бойынша, жылыту маусымына ша­һар­­дағы тұрғын үй қоры — 42 пайызға, білім беру нысандары — 29 пайызға, ал денсаулық сақтау мекемелері 73 пайызға дайын.  Дегенмен, жаңа оқу жылына мектептердің дайындығы тым төмен болып шықты.  Жоспарға сәй­кес, ыстық су мен жылу құбырларын жөндеудің негізгі жұмыстары 1 қазанда аяқталады.

– Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Алматыда жылу маусымына орай арнайы штаб құрылды. Олар инженерлік жүйелердің қыс мезгіліне дайындығын тексереді. Алда келе жатқан жылу маусымына әзірлік жоспар бойынша жүзеге асып жатыр. Сондықтан, нысандар уақтылы тапсырылады деп ойлаймын. Бірақ, жылу құбырларын ауыстыруда мерзім жағынан кідіріс бар. Биыл шамамен 12 шақырым желі ауыстырылады. Қаладағы 16 участекте құбырлар жаңа­ланады, – деді қалалық Энерге­ти­ка және коммуналдық шаруа­шы­лық басқармасы басшысының орын­басары Ерболат Аманғалиев.

Жеті учаскедегі жұмыстар қала қаржысына, ал қалғаны «Алматы жылу жүйелері» мекемесінің қаражаты есебінен жаңаланбақ. Сондай-ақ, Құрманғазы және Шевченко көше­лерінің бойында шамамен 2 шақы­рымға жуық жылу құбыры ауыс­тырылады. Мердігер мекеме жұмысты аяқтаған соң сапаға 5 жыл көлемінде жауапты.

Айта кету керек, бір ғана нүкте­дегі жөндеу жұмыстары 50 шақты адамды жұмыспен қамтып отыр. Жаңа құбырларды ауыстыру зама­науи әдіспен жасалуда. Оған қоса, қолданыстағы құралдардың барлығы отандық өнім.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *