«Жылу бағасы қымбаттайды» деген жалған ақпарат

 

Бірқатар БАҚ осы бейсенбіде «Алматыда сәуір айынан жылу бағасы қымбаттайды» деген ақпарат таратқан. Ресми орындар бұл ақпараттың шындыққа жанаспай­тынын айтып отыр.

– Алматыда 2018 жылы жылу энергиясына ешқандай баға қымбаттауы болмайды. Жылу және ыстық су бойынша есептесу 2017 жылдың ақпан айында «Алматы жылу жүйелері» ЖШС үшін бекітілген тарифтер бойынша жүргізіледі. Тарифтер Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің бұйрығымен бекітілген, – дейді департамент басшысының  орынбасары Бауыржан Қайырбек.

Монополияға қарсы департаменттің өкілі бүгінгі таңда тариф бойынша бір гигаколория 6055,84 теңге екенін жеткізді. Осы тариф жыл аяғына дейін сақталады.

Сонымен қатар, ол жылумен қамту қызметінің құны тек төтенше реттеу жағдайында, стратегиялық отын құнының күрт өсуіне байланысты көтерілуі мүмкіндігін де айтты. Қаладағы ЖЭО мен қазандықтар жылу, ыстық су өндіруге стратегиялық отындар пайдаланады.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».    

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *