ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ІРІ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ

«Алматы марафоны–2019» халықаралық марафонына 17 мыңнан астам жүгіруші қатысады

Нұрлан СҮЙІН

Алматыда 21 сәуір күні өтетін халықаралық марафонға қатысушылар бірнеше қашықтыққа жүгіреді:

  • Марафон – 42 шақырым, 195 метр;
  • Жартылай марафон – 21 шақырым;
  • 10 шақырымдық қашықтық;
  • Балалар марафоны – 3 шақырым;
  • «Скандинавиялық жүріс» жарысы;
  • «Экиден» эстафетасы.

21 сәуірде сағат 6.30-дан Республика алаңында старт қалашығы (зат сақтау камераларымен) жұмысын бастайды.

7.00. – Ашылу рәсімі;

7.30. – Бой жазу жаттығулары, стартқа тұру;

7.40. – Балалар марафоны (3 ша­қырым) старты;

8.10. – «Элита» кластері старты;

– Марафон (42 ш. 195 м.) старты;

–       «Экиден» эстафетасы старты;

–       жартылай марафон (21 ша­қы­рым) старты;

8.25. – 10 шақырым қашықтық стар­ты;

8.30 – «Скандинавиялық жүріс» стар­ты.

– Биылғы «Алматы марафонына» тіркелген қатысушылар 6 қашықтықта, шаһардың орталық көшелерімен жүгі­ріп өтеді. Марафонға қатысушылардың 10 пайызы сырттан келгендер. Жалпы, маусымның ең ірі спорттық шарасы – «Алматы марафонына» 53 елдің өкілі қатысады. Біз «Алматы марафоны» халықаралық жүгіру жарысының біздің қалада туризмнің бір түрі – спорттық туризмнің қалыптасуына әсер етіп отырғанына қуанамыз. Олай дейтінім, сырттан келушілер марафонға қатысып қана қоймай, Алматының орталық көшелерімен жүгіріп өтіп, мегаполис­пен танысады. Алматылықтардың қонақ­жайлығына куә болады. Алматы­лықтар мен қала қонақтарын қала көше­леріне шығып, жүгірушілерді қолдауға шақырамыз! – дейді «Алматы мара­фоны» ұйымдастыру комитетінің мүшесі Валихан Тен.

Марафонға қатысушыларды мара­пат­тау рәсімі:

– 10.00. – 3 шақырымға (балалар марафоны) жүгіргендерді марапаттау;

– 10.20. – 21 шақырым (жартылай марафон) жеңімпаздарын марапаттау;

– 11.30. – 42 ш. 195 метр – абсолюттік есептегі жеңімпаздарды марапаттау;

– 12.10. – «Экиден» эстафетасында жеңіске жеткендерді;

– 12.30. және 13.20. – жалпы марафон (42 ш. 195 метр) жеңімпаздарын марапаттау;

– 14.20. – Мәре аймағының және жарыстың ресми жабылуы.

«Алматы марафоны–2019» жары­сына тіркеліп, қатысушылардың төлеген жарналық қаржылары қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады.

 «Алматы марафоны» – Орта­лық Азиядағы ең ірі дәстүрлі спорт­тық іс-шара.

  • 2013 жылдан марафондардың халықаралық ассоциациясына (AІMS) кіреді.
  • «Алматы марафоны» жолы AІMS және ІAAF ереже-талаптарына сәйкес сертификатталған.
  • 2018 жылдан «Алматы мара­фоны» ресми алты қашықтық бойын­­ша өткізіледі.
  • Халықаралық марафонға қаты­су­шылар (10 жастан жоғары) 3000–6000 теңге аралығында жарна төлейді.
  • Марафон «Бірінші болу ба­тыл­­­­дығы» ұранымен өтеді.
  • «Алматы марафоны–2019» жары­­­сына 17 мыңнан астам жүгі­руші қаты­сады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close