ЖУРНАЛИСТИКА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«Қазақ газеттерінің» Шәмшидині

«Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры Паттеев Шәмшидин Әшенқожаұлы өз лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында жариялады.

Шәмшидин Паттеев еңбек жолын Қожа-Ахмет Яссауи кесенесі жанындағы мұражайдың кіші ғылы­ми қызметкері болып жөндеу қызметіне қатысудан бастаған. 1984 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

1988—1991 жылдар аралығында «Өнер» баспасында – редактор, 1991—1994 жылдар аралығында «Алдаспан» жастар шығармашылық бірлестіктері қауымдасты­ғының бас директоры болып қызмет атқарған. Білікті басшы, мықты менеджер халықаралық «Түркістан» газетіне 19 жыл жетекшілік жасап, аталған басылымды жоғары деңгейге көтерген.

Шәмшидин Әшенқожаұлының қоғамдық пікірта­лас­тары, түрлі БАҚ беттеріндегі сүбелі ойлары көпшіліктің қолдауына ие болып жатады.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР Президент сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Шәмшидин Паттеевке жаңа табыстар, биік белестер тілейміз.

 

Әріптесімізге сәттіліктер серік болсын

Сондай-ақ, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаев ғасырлық тарихы бар, қазақ баспасөзінің қара шаңырағы саналатын «Egemen Qazaqstan» газетінің Алматы қаласындағы редакциясының басшысы лауазымына Жүсіпбек Қорғасбекті тағайындағанын да мәлімдеді.

 Жүсіпбек Қорғасбек те  елімізге белгілі журна­лист, қаламгер. Журналистік қадамын республикалық «Жас Алаш»( бұрынғы «Лениншіл жас») газетінде бастаған. «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш» газеттерінің Бас редакторы болды. 2008 жылдан бастап «Жас өркен» ЖШС-нің Бас директоры қызметін абыроймен атқарып келді. Серіктестіктің құрамындағы «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері, «Ақ желкен», «Балдырған» журналдары еліміздегі барлық баланың сүйікті басылымдарына айналды.

«Тарлан-Үміт» сыйлығының иегері, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері Жүсіпбек Қорғас­бек әріптесімізді де қызметімен құттықтап, оқыр­ман­дарын тың дүниемен, қызықты, тартымды ақпарат­тармен сусындата беретініне сенім білдіреміз.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close