Журналистер Сенат депутаты болды

Мемлекет Басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Сергей Николаевич Громовтың, Георгий Владимирович Кимнің, Дулат Рашитұлы Құсдәулетовтің, Бірғаным Сарықызы Әйтімованың, Асқар Асанұлы Бейсенбаевтың, Рашид Төлеутайұлы Түсіпбековтің өкілеттіктері тоқтатылды.

Мемлекет Басшысының Жарлы­ғымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед, Андрей Иванович Лукин, Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева, Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен, Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп, Асқар Оразалыұлы Шәкіров, Дана Өмір­байқызы Нұржігітова, Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов тағайындалды.

Сенат депутаты болған әріптес­терімізді шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріне табыс тілейміз!

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *