Журналистер қонақта болды

Орта Азия мәдениет қоры тарапынан 2005 жылы Алматы қаласында Шет тілдер және іскерлік карьера университеті құрылған. Білім министр­лігінің тексеруінен сүрінбей өткен оқу орны, бүгінгі таңда Қазақстанның мықты деген универ­си­теттерінің арасынан орын алып отыр.

 

Университет ректоры, доктор, профес­сор Сабри Хизметли мырза: «Жастарға немқұрайлы қарау елімізге қиянат жасау­мен бірдей. Сол себептен де Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, мына бәсеке алаңына айналған, жаhанданған дүниеде студенттерге заман талабына сай білім беруге және оған керекті жабдық­тардың барлығымен қамтамасыз етуге тырысып келеді. Студенттердің білім алуына барлық жағдай жасалғаннан кейін ғана олардан нәтиже күте аламыз», – деген болатын. Университет ректоры қазақ жаста­рының өз елінде ғана емес, сонымен қатар шет елде де білім алуына мүмкіндік жасап отыр. Оқу орнында білім алатын жастарға отбасылық-әлеуметтік жағдайы­на байланысты оқу төлемақысына 5%-дан, 50%-ға дейінгі жеңілдік қарастырылған. Осы тұста атап өтетін тағы бір жаңалық, 2017 жылы жаңа оқу жылында халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналған журналистика мамандығының студентте­ріне, университет ректоры Сабри Хизметли мырзаның қолдауымен, факультет деканы Махаббат Ахметқызы «ШТІКУ теле-радио» студиясын ашып, емін-еркін мамандықтың қыр-сырын меңгеруге үлкен мүмкіндік сыйлаған болатын. Жыл басы Наурыз айында «ШТІКУ теле-радио» студиясында, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мемлекеттік бағдарлама негізінде, университетіміздің ректоры, доктор, профессор Сабри Хизмет­ли мен Педагогика ғылымдары факультеті деканы Махаббат Түкібаеваның қолдауы­мен журналистермен кездесу ұйымдас­тырылды. Оқу орнында білім алатын журналистика мамандығының студенттері үшін арнайы ұйымдастырылған кездесуде «Қарекет» бағдарламасының продюсері, журналист Әлия Құдайбергенова мен Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, жазушы, журналист Назира Байыр­бек қонақта болды.

Қазіргі таңда «Айтуға оңайдан», «Қарекет» атауымен көпшілік көрерменнің көзайымына айналған бағдарламада жүгі ауыр, жауапкершілігі мол продюсерлік қызмет атқарып жүрген Әлия Құдайбер­генова, жалпы журналистикаға қалай келгені жайлы қозғаған әңгімесі студент­тер­дің қиялына қанат бітіріп, алға қарай ұмтылыстары мен құлшыныстарын арттыра түсті. Отбасы мен ошақ-қасының қамын жасап, сонымен қатар, белгілі опера әншісі Нұржамал Үсенбаева, жаны нәзік, қазақ­тың біртуар ақын қызы Күләш Ахмето­ваның өмірі мен өнер жолын қағазға түсіріп, қалам тербеп жүрген, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері жазушы, журналист Назира Байырбектің айтқан ақыл-кеңесін, бөліскен тәжірибесін санасына түйіп алған болашақ журналист қыздарға ол өзінің «Журналистің жұлдызды сәттері» атты кітабын тарту етті.

Кездесуден соң осындан бір жыл бұрын университеттің талантты студенттерінен құралған «Жалын» театрының бір жылдық «Махаббат, қызық мол жылдар-2» қойы­лымын тамашалады. Журналист Назира Байырбек: «Бұл университет студенттерінің жаны таза екені көңіл қуантты» десе, Әлия Құдайбергенова «Қойылым студенттік шағымды сағындырды» деп, өз пікірлерін айтып, бағаларын берді. Сонымен қатар, университет ректоры Сабри Хизметли мыр­заның қарапайымдылығы мен студенттерге жасап отырған қамқорлығына  риза болды.

 

Рахила ОРАЗҒАЛИЕВА,

ШТІКУ журналистика мамандығының 4-курс студенті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *