Журналистер марапатталды

Елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қыз­меткерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті. Биылғы жылы «Экспресс К» газетінің редакциясы әйгілі журналист әрі жазу­шы Геннадий Толмачев атындағы сыйлық иегерін тағайындау үшін қазақ және орыс тілдеріндегі үздік басылымдардың жетекшілері арасында үздік шыққан журналис­терге жүлде тапсырылды. Бұл шара биыл он екінші рет өткізіліп отыр.

Атаулы сыйлықтың аналогі тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД елдерінде жоқ. «Экспресс К» газетінің редак­циясы бұл сыйлықты 2007 жылы тағайындады. Газеттің бұл бастамасын Қазақстан Журналистер одағы қолдады.

Геннадий Иванович Тол­мачев шығармашылық шабыты шарықтап тұрған шағында өмірден озды, ол Қазақстан журналистерінің досы әрі тәлімгері болды, көптеген жас журналистерді тәрбиеледі. Көптеген жылдар бойы ол Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы қызметін атқарды. Сондықтан да сыйлық, бірінші ретте, өңірлік баспасөзді қолдауға бағытталған.

Сыйлық иегері шығарма­шылығын бағалау белгісі – оның Қазақстан журналисти­касына қосқан жеке үлесі, оқырмандардың көңілінен шыққан материалдар. 12 жыл ішінде конкурсқа республи­калық, облыстық, қалалық, аудандық газеттердің 66 жур­налисі қатысты. Олар­дың 28-і Геннадий Толмачев атындағы сыйлық иегеріне ие болды. 2018 жылы Геннадий Толмачев атындағы сыйлықтың лауреаты болып «Абай» журналының бөлім редакторы Сайлау Тө­леуов (Семей) және Қазақстан Журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев (Алматы) танылды.

2016 жылы қазылар алқасы жаңа номинация енгізуді ұйғарды. Ол «Легенды редак­торского корпуса Казахстана» («Қазақстан редакторлық корпусының аңыздары»). Бұл номинация бойынша биыл лауреат атанғандар Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің бұрынғы бас редакторы Жақ­сылық Рахматулла, сонымен қатар «Новая газет – Казах­стан» газетінің бұрынғы бас редакторы Амантай Дадығұлов атанды.

Азат ҮСЕН. 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *