ЖУРНАЛИСТЕР ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ ДӘРІС АЛАДЫ

Бұл дәрістер, «www.24.kz» хабарлағандай, «Медиа дамыту қорының» әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетіледі. Ұйымдастырушылар аталмыш онлайн оқуды негізінен жас журналистер мен БАҚ саласына қызығушылық танытқан азаматтар тыңдайтынын атап өткен.

Онлайн-дәріс барысында еліміздің белгілі журналистері мен тележүргізушілері өз тәжірибелерімен бөлісіп, тыңдармандарды қызықтырған сауалдарға жауап береді.

– Біз пандемияға байланысты карантин кезінде үйде отырған жас журналистер мен болашақ журналистер өздерінің уақытын тиімді өткізсін деген мақсатпен медиа саласында жүрген мамандармен бірлесіп, осындай онлайн лекцияларды бастадық. Сабақтарымызға бұған дейін белді журналистер қатысты. Бұл лекциялар алда да өз жалғасын табатын болады,- деді «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас менеджері Бибігүл Құламан.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *