ЖУРНАЛИСКЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Сарыарқа төрінде бұрынғы Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газетінің алғашқы нөмірі жарыққа шығуының 45 жылдығы керемет тойға ұласты. Газет беттеріндегі еңбек шежіресі жүректі тебірентеді, өткен күндермен жылдар, көңіл төріндегі көрікті ойлар жүйелі негізде, оралымды түрде, орнықты паш етілді. Осы басылымның заңды мұрагері – Жезқазған аймақтық «Сарыарқа» газетінің Бас редакторы Дархан Мұхан мерекелік басылымда жазған мақаласында: «Жезқазған туының» шаңырағын көтеріп, уығын шаншыған Сайлаубек Қожамсейітов, Сайлаухан Нәкенов, Шәкизада Дәрмаған­бетов, Итен Қарымсақұлы, Ізбасар Қабдырахманов, Болат Бабақов, Қасым Орынбетов,  Ескен Хасенов, Балтабек Әбеу есімдері газет тарихында ғана емес, аймақ шежіресінде ойылып жазылатын жандар санатында» деп атап жазуы нағыз ұлтжанды, болашағынан үлкен үміт күтетін азаматтың ісі.

Сонау бір қиын-қыстау  кезеңде, жаңадан ашыл­ған облыста оқырман қауымға қалам қарымымен танылған  журналистің бірі – Итен Қарымсақұлы. Ол  газеттің 13 сәуірдегі алғашқы нөмірін тәжірибелі корректор болмағандықтан, өзі оқып һәм кезекші редактор ретінде тұңғыш газеттің жарыққа шығуына қол қойды. Сол газетте 1973–1980 жылдары алғашқы жылдары өнер­кәсіп бөлімінің, содан соң совет құры­лысы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды, әрі алқа мүшесі һәм партбюро мүшесі болды. Жақсы қызмет атқарды, абыройға бөленді. 1978 жылы КСРО Журналистер одағының Құрмет дипломымен және КСРО халықтық бақылау комитетінің Құрмет гра­мотасымен марапат­талды. Бұл о заманда жоғары құр­мет саналған еді. Осылайша Итен Қарым­сақұлы мәр­тебесі биік оқырман алдындағы міндетін зор абы­роймен атқара білді. Қанаты қатайып, жастық жігер­мен еңбек етті. Жазылған дүние қашан да жұрттың жадында жүреді.

Жезқазған аймақтық «Сарыарқа» газеті Бас редак­торының кеңесшісі,  «Шындық» қоғамдық бірлес­тігінің төрағасы, белгілі журналист Абдолла Дастанов редакция басшылығы тапсырмасымен  арнайы Алматы шаһарына келіп, «Алматы ақшамы» газетінің редакциясында  салтанатты жағдайда осы газеттің тұрақты авторы, журналист-жазушы Итен Қарымсақ­ұлына таяу арада туғанына 80 жыл толатын күніне орай Бас редактордың құттықтау хатын оқып тап­сырды, омырауына газеттің мерейтойлық медалін тақты.

И.Қарымсақұлы «Сарыарқа» газеті редакция­сының  басшылығына және шығармашылық ұжымына шын жүректен алғыс айтып, мықты денсаулық, шығар­машылық жолда зор табыс тіледі.

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *