Журналдарға халықаралық индекстеу куәлігі тапсырылды

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

«Ғылым Ордасы» ғимаратында 4 бірдей академиялық журнал: «ҚР ҰҒА xабаршысы; ҚР ҰҒА xабарлары. Химия және теxнология сериясы; ҚР ҰҒА xабарлары. Физика-математика сериясы; ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы» журналдарының Clarivate Analytics (бұрынғы Thomson Reuters) халықаралық мәліметтер базасында индекстеу бойынша куәлікті ҚР ҰҒА-на салтанатты тапсыру рәсімі болды. Салтанатты жиын АҚШ-тың Филадельфия қаласында орналасқан халықаралық Clarivate Analytics компаниясының ТМД және Ресей бойынша директоры – Олег Уткиннің қатысуымен өтті. 2016 жылдың 26 маусымында «ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы» журналы халықаралық Scopus мәліметтер базасына енген болатын. Бұл беделді халықаралық деректер базасында индекстелген Орталық Азия республикаларының ғылым академиясының академиялық басылымдары арасында алғашқы ғылыми журнал. Биыл ол Clarivate Analytics деректер базасына енді. 1946 жылдан бастап ҚР ҰҒА шығаратын 8 ғылыми журнал (ҚР ҰҒА баяндамалары; ҚР ҰҒА xабаршысы; ҚР ҰҒА xабарлары. Биология және медицина сериясы; ҚР ҰҒА xабарлары. Физика-математика сериясы; ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы; ҚР ҰҒА xабарлары. Химия және теxнология сериясы; ҚР ҰҒА xабарлары. Қоғамдық және гуманитарлықғылымдар сериясы; ҚР ҰҒА xабарлары. Аграрлық ғылымдар сериясы) ХХ ғасырдың 60-70 жылдары жоғары рейтингті ғылыми журналдардың халықаралық реестріне енген және Қазақстан ғылымның келбеті болып табылады. 1960 жылдан бастап олар 73 шет елдердің — АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония, өзге де елдердің ірі ұлттық кітапханаларына жіберіліп келеді. Бұл журналдарға халықаралық рейтинг беру және ірі Clarivate Analytics компаниясының деректер базасына енгізу журналдарды бүкіләлемдік оқырмандар аудиториясына алып келеді және дәйексөз алу көрсеткіштеріне айтарлықтай пайда әкеледі, қазақстандық ғалымдар, оқытушылар мен студенттерге көптеген материалдар, аймақтық зерттеу ақпараттары мен пайдалы сілтемелерге жол ашып, әлемдік зерттеулер саласындағы ағымдағы беталыстардың толық бейнесін алуға мүмкіндік береді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *