ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Қазір Алматыда ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекциялары) және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Шошқа тұмауына күдік келтірген дерек те тіркелмеген. Бұл туралы қаладағы қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті хабарлап отыр. Мәліметке сәйкес, тұмау емес респираторлы вирустардың айналымда болуы байқалады. Сондықтан қала тұрғындары тұмаудың алдын алу шараларына ерекше мән берулері керек. Соның бірі – инфекцияға қарсы вакцинамен егілудің маңызы зор.

Тұмауға қарсы егілген адамдар үшін спецификалық емес қорғаныш түрі бар. Ол үшін иммунитетті жақсарту препараттары (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы), вирусқа қарсы жақпамайлар (оксалин, антивир және т.б.), поливитаминдер қолданылады. Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымованың  айтуынша, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеп, әсіресе балаларды ауасы желдетілмейтін ғимараттарға апарудан тартыну қажет. Ауруға қарсы тұру үшін ағзаны дәрумендермен барынша толықтырып, жасанды дәрумендерді, сондай-ақ жеміс-жидектерді көбірек тұтынған дұрыс.

Н.АСЫЛ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *