ЖОСПАРЛАРЫМЕН БӨЛІСТІ

Алатау ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының кезектен тыс XVІ конференциясы өтті.

Конференция «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылды. «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Алмасаев партияның 20 жылдық тарихы мен Президенттің кезекті Жолдауы бойынша аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау және оның ішіндегі кәсіпкерлікті дамыту бойынша  «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы «Теплица» БПҰ-ның төрағасы, «BRB APK» ЖШС жылыжай кешенінің директоры Нұрлан Әділхан «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі негізгі 10 мақсатына жекелей тоқталып, өзі басшылық етіп отырған жылыжай кешенінен құрылған «Теплица» БПҰ-ның  жұмыс барысы жайында сөз қозғады.

Елбасы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай, Алатау ауданының жастары атынан №154 мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Мейіркүл Көпбаева Жастар жылы жайлы сөз сөйлеп, алдағы жылға деген жоспарларымен бөлісті.

 

Қордай ЕСЕНБАЙ,

 «Нұр Отан» партиясы Алатау  аудандық филиалы қызметкері.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *