ЖОЛДАУДЫ ҚЫЗУ ТАЛҚЫЛАДЫҚ

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы Медеу ауданындағы №166 бөбекжай-балабақшасында талқыланды. Жолдауды біздің балабақшамызда талқылау ерекше өтті.

Талқылауға Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева, Алматы қалалық «Нұр Отан» партиясының төраға орынбасары Арман Халбеков,  «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалының төраға орынбасары Меруерт Мұқанова Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, Медеу ауданы Білім бөлімінің бас маманы  Шынар Сағынышқызы қатысты.

Балабақшаның тыныс-тіршілігін бақылап, тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндермен тілдескен мейман оқу-тәрбие жұмыстарымен танысып, топ бөлмелерін аралап, балабақша қызметкерлерімен сұхбат жүргізді.  Елбасы Жолдауындағы қаралған  маңызды мәселенің бірі – ең аз жалақыны көтеруі балабақша қызметкерлерін қуантты. Депутат Жолдаудағы тапсырмалар мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсартып, өзгерістер енетіні туралы айтты.

Кездесу соңына балабақша тәрбиешісі «Нұр Отан» партиясының «Үздік партия мүшесі» аудандық байқауы­ның ІІ орын иегері Әлия Жексенбиева қысқаша баянда­масымен аяқтады.

Айгерім САБЫРХАНҚЫЗЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *