Жолдары қарқынды жөнделуде

Естеріңізде болса, өткен жолы әкімдерге Алатау және Наурызбай аудандарындағы тас жолға қатысты көптеген сауалдар көп қойылған еді. Ол жұмыстардың нәтижесін  мынадан-ақ байқауға болады.

Өз сөзін «Алатау ауданы бойынша, биылғы жылғы жоспарда 12 ық­шамаудан  аумағында 120 шақырымға жуық жол салу жұмыстары жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 5 ықшамауданда жол салу жұмыстары қызу басталып та кеткен. Ал қалған 7 ықшамауданда қазіргі таңда дайындық жүріп жатыр», – деп бастады Алатау ауданы әкімінің орынбасары Берік Әшірбеков.

Бұл тұрғыда, жаңа жол салу кезінде жолдың айналасын көріктендіру жұмыстары да қатар жүретін болыпты. Әсіресе, алдымен жаяу жүргіншілер жолы, арық жүйелерін жөндеу мен жарықтандыру жұмыстары да біржола шешімін табатын көрінеді. Мұндай шаралар қаланың Наурызбай ауданында да қолға алынып отыр екен.

Атап айтқанда, Наурызбай ауданы көріктендіру бөлімінің басшысы Данияр Садықов: «Биыл Наурызбай ауданында  ұзындығы 25 шақырым болатын 23 көшеде жөндеу жұмыстарын жүргізбекпіз. Соның ішінде қазір 5 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталып, тағы 5 көше жөнделу үстінде», – деді.

«Ақшам-ақпарат».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *