ЖОЛАЙРЫҚТАРДЫҢ ЖОБАСЫ БЕКIТIЛДI

Алматы қаласының әкiмдiгi салынатын төрт жолайрықтың жобасын ресми бекiттi

2Елiмiздiң ең үлкен мегаполисiндегi көлiк қозғалысы – өзектi мәселелердiң бiрi. Алматы басшылығы соңғы жылдары осынау мәселенi қолға алып, бiраз жұмыстар ұйымдастырды. Қаланың күре жолдары жөнделiп, кеңейтiлiп, шығыс айналма жолы қолданысқа берiлдi. Үлкен айналма жол құрылысы қарқынды жүрiп жатыр. Алматы жолдарында бейне-бақылау орнатылып, көлiк қозғалысы жүйелене бастады.

Алып шаһардың «күре тамыры» әл-Фараби, Рысқұлов, Саин даңғылдарында жолайрықтар, өткелдер салынып, күрделi жөндеуден өтiп, кеңейтiлдi. Әрбiр үшiншi тұрғы­нына бiр көлiктен келетiн қаладағы жол кептелiсi мәселесiн ше­шуде жолайрықтар салу құрылысы қолға алынғалы да бiр­неше жыл болды. Бүгiнге дейiн шаһарымызда жиырма шақты жолайрық пайдаланылуға берiлдi. Жолайрық – кешендi құрылыс. Үлкен де жан-жақты жұмысты қажет етедi.

Алматы қаласының әкiмдiгi жаңадан салынатын төрт жолайрықтың жобасын бекiттi. Қала құрылысы кеңесi Сейфуллин – Жансүгiров, Рысқұлов даңғылы – Реми­зовка, Бөкейханов көшесi мен Солтүстiк айналма, әл-Фараби даңғылы – Ремизовка қиылыстарында салынатын жолайрықтардың жобасын мақұлдады. Құрылыс жобасы ресми бекiтiлдi, қаржыландыру, құрылыс мерзiмi қосымша талқыланып жатыр.

Шаһар басшысы Ахметжан Есiмовтiң тапсырмасына сай жолайрықтар құрылысы мүмкiндiгiнше жылдам жүруi керек. Басты мақсат – мегаполистегi көлiк қозғалысын жүйеге келтiру.

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *