ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАТЫН БОЛДЫ

333Рая ЕСКЕНДІР

Жетісу ауданының әкімі Талғат Разақовтың тұрғындармен алтыншы кездесуі №108 жалпы білім беретін мектепте өтті. Кездесуге қалалық мәслихат хатшысы Қалдыбай Қазанбаев қатысты. Өткен жылы атқарылған шаруалар жайында кеңінен әңгімелеп берген Талғат Көшенұлы тұрғындарды аудан көлемінде алдағы атқары­латын жұмыстармен де таныстырып өтті. Жалпы, аудан әкімдері тұрғындармен кездесуде ат­қарылған істердің нәтижесі мен келесі атқарылуы тиіс жұмыстардың жоспарымен таныстырып отырады.

Осы кездесу барысында да тұрғындар аудан өмірінде талай жұмыстың атқарылып, оң шешімін тапқанына куә болса, аудан басшысы тұрғындар тарапынан келіп түскен сауалдар негізінде әлі де атқарылуы тиіс шара­лардың бар екендігін дер кезінде біліп, жұмыс дәптеріне тізімін жасады. Мәселен, өткен жылғы тұрғындармен болған 5 кездесуде Талғат Көшенұлына барлығы 53 сауал келіп түсіп, олардың 29-ының мәселесін аудан әкімі қолма-қол шешіп берген еді. Сондықтан да Жетісу ауда­нының тұрғын­дары ә дегеннен-ақ әңгімені алғыс айтудан бастады.

Тұрғындар ең алдымен, аудан басшысының тікелей ықпалымен ардагер қариялардың басын қосып, әңгіме-дүкен құруларына жағдай жасап, арнайы демалыс орындары, сәкілер қойып бергені үшін алғыстарын білдірді. Сол орынға жайғасып, өткен-кеткенді әңгімелеп, бір марқайып қалатын қариялардың көңілдері шат. Қала тұрғындары, әсіресе, көп қабатты үйлердің тұрғындары жылу үшін төленетін төлемақылардың тым қымбат екендігін айтып, көптен бері дабыл қағып жүргені белгілі. Қазір көптеген үйлерде арнайы есептеуіш құралдары қойылған. Соның арқасында төлемақы бұрынғыдай тым қымбат емес. Тұрғындар кездесу бары­сында есептеуіш құрылғылары үшін де өз ризашы­лықтарын білдірумен болды. Өз кезегінде аудан әкімі Талғат Көшенұлы осынау игілікті істердің барлығының жүзеге асуына қала әкімі Ахметжан Есімовтің кең қолдау көрсетіп отырғанын айтып, алғысын білдірді. Жетісу ауданының орталығы болып табылатын «Құлагер» ықшамауданында «Нұр Отан» партиясының филиалы ашылса, аудан тұрғын­дарына қолайлы болуы үшін Мемлекеттік зейнетақы қоры орталығы да дәл осы ғимаратқа орналасқан. Енді аз уақытта аудандық әкімшілік ғимараты маңынан Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылатын болады. Көзіқарақты, көңілі ояу тұрғындар «Гүлдер» саябағының да адам танымастай өзгеріп, керемет демалыс орталығына айналғанын көріп, аудан басшысына деген ризашы­лықтарын білдіріп жатты.

Қазір көлік кептелісі дегеніңіз қаланың қай бұры­шына барсаңыз да кездесіп жатады. Халықтың эконо­микалық жағдайы жақсарған сайын, көлік алу да онша қиын мәселе болмай қалды. Сондықтан, енді аз уақытта Сейфуллин – Жансүгіров көшелері қиылысынан Жетісу ауданы аумағына ағылған жұрт үшін айналма жол құрылысының басталатыны белгілі болды. Аудан тұрғындары кәрі ағаштарды кесу, қаңғыбас иттер туралы да мәселелер көтерді. Сонымен қатар, «Құла­герге» монша қажет екені туралы да мәселе айтылмай қалмады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *