Жолақы құны – 1 теңге

Акция 31 мамырға дейін жалғасады

 

Әдетте не нәрсені «Көппен көрген ұлы той» деп қабылдайтын қарапайым жұрт­шылық бұл жолғы «Beelіne Қазақстан» ком­паниясы ұсынып отырған «Жолақы 1 теңге» акциясына сенер-сенбесін білмей дал болу­да. «Бұл не деген батпан құйрық, айда­лада жат­қан құйрық» деп тосаңсыған халық, үш ұйық­тағанда түсімізге кіріп-шықпайтын мұндай жаңалық ел арасындағы қауесет болуы мүмкін деп қабылдаған. Арзан дүниеге жүгіреміз деп, артынан алаяқтарға жеп болып қалмауды да ойлаған жұрт аз емес. Осылайша газетіміздің тұрақты оқырмандары редакция­мызға қоңырау соғып, хат жолдап, мәселенің анық-қанығын біліп беруімізді сұраған еді. 

Расымен,  1 наурыздан бастап Алматы­ның қоғамдық көліктерінде 1 теңгеге жүруге болады. Бұл қызмет тек «Билайн» опера­торын қолданушыларға арналған.

Жолақыны төлеу үшін «Beelіne» опера­торын қолданушылар 2505 нөміріне өзі отырған автобустың кодын SMS-хабарлама арқылы жіберуі керек. Балан­стан бастапқыда 80 теңге алынғанмен, кейін 79 теңге бірден қайтарылады.

«Beelіne абонементтері SMS көмегімен 1292 автобус пен 194 троллейбуста жолақы төлей алады. Айта кету керек, SMS-төлем жасауға қатыспаған жалғыз автопарк – «АлматыЭлектроТранс» ЖШС екен. Бұл кәсіпорынға тиесілі 408 автобус, яғни 26 маршрут бар.

«Beelіne Қазақстанның «Алматының қоғамдық көліктерінде 1 теңгемен жүру» акциясы – қала тұрғындары арасында ком­панияның цифрлы қызмет түрлерін қолдану арқылы қолма-қол емес төлем жүйесін танымал жасау, – дейді Алексей Бендзь. Барлығы 26 маршрут.

Ескеретін жәйт, бұл акция тек Алматы қаласында ғана жүзеге асады. Астана мен басқа қалаларда іске қосылмаған. Акция 31 мамырға дейін жалғасады және қызмет түрін күніне тек 3 рет қолдануға болады.

 

КЕРЕК ДЕРЕК

 

SMS-төлем жасауға болатын қоғамдық көліктер: №: 2, 3, 4, 5, 5А, 5Б, 7, 13, 16, 17, 18, 20, 22, 23, 25, 29, 29Р, 30, 31, 32, 34, 37, 38, 38А, 45, 47, 48, 49, 50, 52, 54, 57, 59, 60, 62, 63, 63А, 65, 66, 67, 71, 72, 73, 74, 78, 79, 80, 81, 85, 92, 95, 99, 102, 104, 106, 107, 112, 118, 119, 120, 120А, 121, 123, 126, 128, 129, 135, 141 және 441.

Троллейбустар: 1, 5, 7, 9, 11, 12, 19 және 25.

 

Акцияға қатыспайтын «АлматыЭлектро­Транс» ЖШС-на тиесілі автобустар: №: 1, 8, 12, 14, 15, 26, 28, 40, 44, 46, 56, 68, 69, 70, 77, 86, 98, 103, 115, 122, 124, 125, 127, 131, 137 және 201.

Н.АСЫЛ.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *