ЖОЛ ТӘРТІБІ

бұзылғанына ересектер үшін балалар ұялды

Айнабай МӘДИ

Алматылық мектеп оқушылары поли­ция қызметкерлерімен бірге, жол қоз­ғалысы ережесін бұзған жаяу жүргін­шілерді анықтады.

Шаһарымыздағы жалпы білім бере­тін мектептерде оқитын жас жол қозғалысы инспекторлары Жол қозға­лысы ережесін бұзған жаяу жүргін­шілерді анықтау шарасына білек сыбана кіріскенін көрдік. Жаяу жүргіншінің тәртіп бұзуы басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіретіні бесенеден білгілі. Ел-жұрт тығыз орналасқан маңайларда, сондай-ақ, полиция жүргізген сараптамамен анықталған, жаяу жүргіншілер тарапы­нан жиі жол қозғалысы ережесі бұзы­латын  төңіректерде мектеп оқушылары қалалық ІІД-нің Әкімшілік полиция басқармасының инспекторларымен бірлесіп кезекшілік жүргізді.

566– Шара барысында шаһарымыздағы жол қозға­лысы ахуалының тұрақтануы мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол-көлік апатының орын алуына себепкер болатын, статистика бойынша Жол қозғалысы ережесін жиі бұзатын жаяу жүргіншілер бақылауға алынды. Жаяу жүргіншілердің жолда жүру тәртібі алаңдатады. Біздің ойымызша, олар жүргізушілермен бірге үлкен жауапкершілікті сезіну керек.  Өйткені, жол үстінде барлығының да дәрежесі тең, – деді Алматы қалалық ІІД Әкім­шілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков  хабарлады.

Қызметін қалтқысыз атқарған жол қозғалысының жас инспекторлары 20-дан астам жаяу жүргіншіні тәртіпке шақырды. Ересектер тарапынан жасалған заңбұзу­шы­лықтарға балалардың ұялуына тура келді. Соны білді ме, біраз адам балалардың ескертуіне дер кезінде құлақ түріп, оларды мұқият тыңдады. Осы тұста әлгі азаматтар жол қозғалысы ережесі жазылған үнқағаз­дармен мұқият танысты.

Акция өткізу барысында жаяу жүргін­шілер арасында түсіндірме жұмыстарын көбірек жүргізу назарға алынды.  Жаяу жүргінші тарапынан тәртіп сақтамау ойын-сауық, сауда үйлері мен базарлар маңында көптеп кездесетіні ескерілді. Қала аудан­дарында жаяу жүргіншілерге арналған жерасты, жерүсті жолдары аз емес, солай бола тұра, азаматтар жол қозғалысы ережесін сақтамауда. Бұл жағымсыз жәйт жас инпекторларды алаңдатып отыр. «Осындай шара­лар ел-жұртқа оң әсерін тигізіп, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін түзеуге сеп болуда. Балалардың өзі ересек  азаматтарға үндеу тастап, оларға жаяу жүргіншінің міндетін түсіндіру­мен бірге, айыппұл көлемін де еске салды», – деді полковник Н.Алмасбеков.

КЕРЕК ДЕРЕК

Инспекторлар тарапынан тәртіп сақта­маған­дарға алғашында ауызша ескерту жасалады.

Заңбұзушылық қайталанса, жаяу жүргін­шілерге 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көле­мінде айыппұл салынып, тиісті шара қолданылады.

Кей ретте жол қозғалысы ережесін бұзған адам 3 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *