Жол қозғалысы: шектелетін де, уақытша жабылатын да көшелер бар

Алматы қаласының Жайлы  қалалық  орта  басқармасы хабарлағандай, 20 мау­сымнан бастап қайта жаңғырту жұмыс­тарының жүргізілуіне байланысты  Жібек жолы көшесінің  бойымен Наурызбай батыр көшесінен бастап,  Сейфуллин даңғылына  дейінгі аралықта  жол қоз­ғалысы  шектеледі. Бұған дейін, 13 мау­сымнан бастап Желтоқсан мен Наурыз­бай батыр  аралығындағы жол учаскесі   автокөліктер үшін жабылған болатын. Көшенің солтүстік жағында жаяу жүргіншілер аймағы ашық.

Бұл ретте қоғамдық кеңістікті жаңғырту жөніндегі барлық жұмыстар кезең-кезеңімен және қала тұрғындары үшін ең аз қолайсыздықтармен жүр­гізілетін болады. Осы мақсатта арнайы қоршаулар мен жаяу жүргіншілер траптары  орнатылды.

Кептелістерге жол бермес  үшін қала тұрғындары мен қонақтары  өз мар­шруттарын алдын ала   ыңғайлап, реттеп  алғандары жөн.

Оқырмандарымыздың есіне тағы бір  сала кетейік, «Адамдарға арналған қала» тұжырымдамасы аясында, Алматы қаласының  Байсейітова мен  Жібек жолы көшелері және  Достық даңғылы учаскелерінде  жолдарды қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қолайлы, жайлы  қала  құру мақ­сатында бұл  көшелерде энергия үнемдейтін тротуарлық жарық, көше жиһазы, спорттық  және балаларға арналған  алаңдар, субұрқақ  кешендер және т.б. пайда болады. Сондай-ақ,  өсіп  тұрған жасыл желекті сақтап, қосымша  жаңа ағаш көшеттерін отырғызу, көгалдандыру, автоматты  суару жүйесін орнықтыру көзделген.

Ағымдағы жылы  қаладағы барлық   көпқабатты үйлердің 50 пайызын қамти отырып, 600-ден астам аулаға  жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 140-тан астам көшеге орташа жөндеу жұмыс­тары басталды.  Шаһардың 14 шағын ауданындағы 456 көшеде жаңа жол құрылысы қолға алынды. Қала шетінде бірқатар саябақтар, скверлер мен жаяу жүргіншілер аймақтары абаттанды­рылады. Қауіпсіз қалалық ортаны құру мақсатында мегаполистің 120-дан астам көшесіне қосымша  жаңа LED-шамдар орнатылады.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *