ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҚҚА – ЖИЫРМА ИГІЛІКТІ ІС

Биыл «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толады. Осы уақыт ішінде қарапайым халықтың қолдаушысы бола білген бұл ұйымға деген жұрт сенімі артып келе жатқаны белгілі. Бастауыш партия ұйымдарының жұмыстары жетілдіріліп, олардың ықпалы күшейтілді. Партия белгілеп берген бағдарламалар оңтайлы жүзеге асырылып, жаңа бағыттағы, жаңа мазмұнды жоспарлар белгіленіп, олар халыққа кеңінен жеткізілуде. Партияның алға қойған міндеттері бұдан жоғары. Оны бүгінде жергілікті жерлердегі партияның аудандық филиалдарында өтіп жатқан партия конференцияларынан айқын аңғаруға болады.

Партияның ауқымды іс-шараларын бағамдаған осындай бас қосу «Нұр Отан» партиясының Наурызбай аудандық филиа­лында да болып өтті. Кезектен тыс өткен партияның ІХ конференциясына аудандағы бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар, партияның «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, қалалық мәслихат депутаты М.Абдуллаев қатысты. Жиынды «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Күмісходжаев ашып, жүргізді.

Конференция барысында аудан әкімі аппаратының жетекшісі Мирас Нысанәлиев ауданның қазіргі экономикалық-әлеуметтік дамуы жөнінде және Елбасының Жолдау­лары негізінде аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жаса­ды. Аудандық Ақсақалдар алқасының төр­аға­сы Мәдениет Кәркенов ақсақал Елбасы­ның «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақа­ласы төңірегіндегі өз ой-пікірін ортаға салса, «Нұр Отан» партиясы Наурызбай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Күмісходжаев партияның 20 жылдық тарихы мен партияның 2030 жылға дейінгі белгілеп берген «Әл-ауқаттық қоғам: онжыл­дықтың он мақсат-міндеттеріне тоқталып, Президентіміз Н.Назарбаевтың «Қазақстан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асырылуын және осы бағыттағы пар­тия қолға алып отырған жаңа партиялық жос­парларды баяндап, партияның 20 жыл­дық мерейтойына жиырма игілікті іс атқа­руға үндеді. Сонымен қатар, осы конфе­рен­цияда «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының кезектен тыс 23-конферен­циясына делегаттар сайлап, жыл бойына ауданның қоғамдық өміріне белсене атса­лысқан бір топ партия мүшелерін партияның Наурызбай аудандық филиалы­ның Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close